Олимпиада-2026: 20 ақпанда кімдер жарысқа шығады?

Италиядағы қысқы олимпиада-2026 аясында Қазақстан спортшыларының 20 ақпанда өтетін жарыс кестесі жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгін тоғыз спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:30 — фристайл-акробатика/іріктеу (еркектер)

  • Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов

20:30 — конькимен жүгіру/1500 м (әйелдер)

  • Надежда Морозова, Елизавета Голубева

00:15 — шорт-трек/ширек финал, 1500 м (әйелдер)

  • Яна Хан, Ольга Тихонова.