Рамазан-2026: денсаулық сақтау министрлігі халыққа үндеу жасады

Не болды?

Денсаулық сақтау министрлігі ораза тұтқанда қалай тамақтану керек екенін кеңес етті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Министрлік ауызашар мен сәресі арасындағы уақытта су ішуді ұмытпау керек екенін жазып отыр. Кешке және түнде суды аз-аздан, бірнеше рет ішкен дұрыс.

Ауызашарда асты баяу әрі қажетке қарай ішкен дұрыс. Бұл асқазандағы ауырлықты және қышқылдауды болдырмайды. Сәресіні тастамаңыз. Бұл күні бойы энергия сақтауға және әлсіздік пен бас айналудың қаупін азайтуға көмектеседі, — деп жазды министрлік.

Тәтті, тұзды тағам жемеңіз

Ораза ұстап жүргенде тәтті, тұзды және майлы тағамдарды шектеу керек. Тәттінің орнына қарбыз, қауын, осы маусымда пісетін шырыны көп жеміс жеген дұрыс.

Министрлік күнді белсенді өткізіп, кешке қозғалысты азайтпау керек екенін де еске салып отыр.

Темекіден бас тартатын уақыт

Рамазан — денсаулыққа көңіл бөлуге және темекіден бас тартуға қадам жасайтын тамаша ай. Ораза әдетті қадағалауға көмектеседі және (жаман әдетті) тоқтатуды жеңілдетеді, — делінген министрлік жазбасында.

Контекст

Ораза тұтуға қатысты ең маңызды ақпаратты топтап, ұсынған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да