Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларының XXV қысқы олимпиада ойындарындағы 19 ақпанға арналған жарыс кестесі жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгін бес қазақ спортшы екі спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
15:00 — фристайл-акробатика / іріктеу (ерлер)
- Асан Асылхан
- Дінмұхаммед Райымқұлов
- Шерзод Хаширбаев
- Роман Иванов
23:00 — мәнерлеп сырғанау / еркін бағдарлама (әйелдер)
-
Софья Самоделкина.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын жеңіп алды.
