Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмысы қашан аяқталады?

2026 жылы Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматының экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтың мәліметінше, жобаны жүзеге асыруға 13,6 миллиард теңге қарастырылған.

Бұл бастама ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Саин көшесі мен Оңғарсынова көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген. Бұдан бөлек, қосымша 1,3 миллиард теңге Алатау ауданында орналасқан Ғажайып шағынауданы мен Алғабас шағынауданында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жол құрылысына бағытталады, — деді басқарма басшысы мәслихат сессиясында.

Қала билігі аталған жобалар көлік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да