Еліміздегі су қоймаларының толу деңгейі қандай?

Қазақстанның әр аймағындағы су қоймаларында тасқын суды қабылдау үшін 14,3 миллиард текше метр бос сыйымдылық дайындалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлердегі су қоймаларынан алдын ала бос орындар әзірленіп жатыр. Ал оңтүстік аймақтарда керісінше, артық су жиналып жатыр.

Қазіргі жағдай бойынша:

  • Солтүстіктегі ірі су қоймалары – орта есеппен 70% толған;

  • Орталық өңірлерде – 68%;

  • Батыста – 48%;

  • Шығыста – 86%.

Бүгінде республикадағы ірі су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 14,3 миллиард текше метрден асады. Көктемгі су тасқыны кезінде шамамен 9,1–13,9 миллиард текше метр аралығында су келуі мүмкін. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.