18 ақпан күні Италияның Милан және Кортина қалаларында XXV қысқы олимпиада ойындарының 11 жарыс күні басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бүгін 11 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
13:45 — шаңғы жарысы, командалық спринт
- Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
14:00 — тау шаңғысы, слалом (әйелдер)
- Қатысушы: Александра Скороходова
14:00 — фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)
- Қатысушы: Аяна Жолдас
17:00 — фристайл-акробатика, финал (әйелдер)
- Қатысушы: Аяна Жолдас (іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
00:15 — шорт-трек, Ширек финал және финал (ерлер 500 метр)
- Қатысушы: Абзал Әжіғалиев, Деннис Никиша.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын жеңіп алды.
Ал XIV қысқы паралимпиадаға Қазақстан атынан жеті спортшы барады.
