Алматының бірқатар ауданында жарық өшуі мүмкін

Алматыда 16–20 ақпан аралығында электр беру желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, қала мен облыс аумағындағы электр желілерінде жүргізілетін жұмыстардың апталық кестесі жарияланған. Кейбір учаскелерде жарық уақытша өшуі мүмкін. Алайда бұл белгілі бір аумақтағы барлық тұрғынға бірдей әсер етпейді.

Бұл жұмыстар электр желісінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр. Жарық тек басқа қорек көзіне қосу мүмкін болмаған ерекше жағдайда ғана және қысқа мерзімге өшіріледі. Жоспарлы жұмыстар аясында сымдарды бөгде заттардан тазарту, жабдықтарды жартылай ауыстыру және өзге де техникалық қызмет көрсету шаралары жүргізіледі. Әдетте мұндай жұмыстардың ұзақтығы 1,5–2 сағаттан аспайды, — делінген хабарламада.