16–18 ақпан аралығында 3 қалада әскери техника жүреді

Бүгін, 16 ақпаннан бастап 18 ақпанға дейін Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларының көшелерінде әскери техника қозғалады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, техникалардың қозғалысы қорғаныс министрінің қарулы күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерінің жоспарлы тексеруіне байланысты ұйымдастырылып отыр.

16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника қозғалады. Осыған байланысты автожолдың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енуі мүмкін, – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын байбаламға түспеуге, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да