Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйі ашылады

Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Алматыда 2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан–Италия сауда үйінің ресми ашылуы өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сауда үйі Наурызбай батыр көшесі, 17А (Almaty Plaza) мекенжайында орналасқан. Ол Италия-Қазақстан сауда қауымдастығы (ACIK) бастамасымен ашылып отыр. Қауымдастықтың кеңселері бұған дейін Алматы, Милан және Атырауда жұмыс істеген. Жоба Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтып, бизнесті қолдаудың тұрақты орталығын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар бұл алаң Орталық Азия мен Еуропа арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған, — делінген министрліктің хабарламасында.

Сауда үйінің қызметі сауда мен инвестицияларды қолдау, бірлескен кәсіпорындар мен өнеркәсіптік жобаларды дамытуға жәрдемдесу, өндірістік кооперацияны кеңейту, технологиялар мен тәжірибе алмасу, Made with Italy өнеркәсіптік ынтымақтастық моделін ілгерілету, сонымен қатар гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуды қамтиды.

Инфрақұрылымында іскерлік келіссөздерге арналған кеңселер, бизнес-форумдар мен ресми кездесулер өткізуге лайықталған конференц және көрме залдары, сонымен бірге аралас форматтағы іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешімдер қарастырылған.

Мақалаға реакция