Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге алғыс айтты

Мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстан халқына ойындардағы қолдауы үшін алғыс айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнежазбасында жарыс барысында және оған дейінгі дайындық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Олимпиада чемпионы мемлекет басшысының қолдауына, сонымен қатар Қазақстанның мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералының кейінгі жылдары осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесіне тоқталды. Сонымен қатар жауапты әрі күрделі дайындық кезеңінде жанынан табылған бапкерлері мен мамандарына ерекше алғыс айтты.

Шын жүректен жарысқа дайындық барысында жауапты және ауыр кезеңде қасымда болған мамандар мен бапкерлерге ризашылығым шексіз. Менің жарысқа қатысуым барысында трибунадан және көгілдір экран арқылы қолдау көрсеткен барша қазақстандықтар мен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы жылы лебіз білдірген азаматтар аз болған жоқ, – деді Михаил Шайдоров.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Mikhail Shaidorov (@mikhail_shaidorov)

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын жеңіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да