Алматыда 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды

Не болды?

Алматыдағы балаларға шұғыл медициналық көмек беру орталығында 31 магнит жұтып қойған 1 жас 9 айлық сәбиге ота жасалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қаладағы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, сәби қабылдау бөліміне өте ауыр жағдайда келген. Хирургтер баланың өмірін сақтау үшін ішектегі магниттерді алып, ота жасады. Баланың ішкі ағзасына бір емес, 31 магнит түскен. Магниттер бір-біріне тартылып ішекті қысып қалған.

Салдарынан бұл процесс аз уақытта перитонитке ұласады. Көбіне ата-аналар баланың жағдайы тез-ақ нашарлайтынын байқамай қалады, – деді хирург Асқар Ризванов.

Анықтама

Перитонит – ішкі азға мүшелерін қаптайтын перде қабықшасының өте ауыр қабынуы.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қарағандыда бір жарым жасар бала 12 магнит жұтып қойып, аман қалғаны туралы жазып едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да