Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ресми түсініктеме берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Сара Назарбаева 2025 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының Алматыдағы ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды, — делінген хабарламада.
Баспасөз хатшысының мәліметінше, биыл қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты Сара Назарбаева ауруханадан шығарылған.
Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматыда үйінде дәрігерлердің бақылауында, — деді Айдос Үкібай.
