Не болды?
Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне қарағанда, күдіктілер 1Win интернет-платформасын құрып, спорт және киберспорт ойындар жасаған. Заңға қайшы әрекетті жасыру үшін жалған құжат рәсімдеп, өзара байланыс жүйесін құрған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.
Сот қаулысы арқылы 420 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді.
Оның ішінде:
- Mercedes Maybach S500,
- Lamborghini Huracan,
- Toyota Land Cruiser автокөліктері,
- банк шоттарындағы 151 млн теңге,
- 14 600 АҚШ доллары,
- 44 400 еуро бар.
Анықтама
1Win – 11 мыңнан астам онлайн ойынға, спорт, киберспорт ойындарына бәс тігуге арналған платформа. Бәс тігу, ұтыс алу банк карталары, электрон төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асқан.
Контекст
Естеріңізге салайық, ҚМА елімізде онлайн казино ашқан АҚШ және Украин азаматтарына іздеу жариялаған.
Былтыр онлайн казиноның ауқымды схемасы әшкереленіп, 600 млрд теңгеден астам заңсыз операциялар анықталған еді.
