Алматыда №96 жаңа автобус маршруты іске қосылады

Не болды?

16 қаңтардан бастап Алматыда №96 жаңа қоғамдық көлік  маршруты іске қосылады. Бұл туралы қалалық транспорт холдингі хабарлап отыр.

Мәлімет

Жұмыс күндері қалаға 15, ал демалыс күндері 13 автобус шығады. Қозғалыс интервалы 12 минут болады.

№96 жаңа автокөлік мына бағыт бойынша қатынайды: Әуежай – Майлин көш. – Бекмаханов көш. – Шолохов көш. – Жұмабаев көш. – Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойымен – Мөңке би көш. – «Нұркент» мөлтек ауданы», – делінген хабарламада.

5622f73144c23e4d253418575133aa62 Алматыда №96 жаңа автобус маршруты іске қосылады
Фото: Қалалық транспорт холдингі