Тоқаев Конституция туралы: Комиссия құрамында шетел мамандары жоқ

Президент Қазақстанның өтпелі кезеңге аяқ басқанын айтып, ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Конституциялық реформаның маңызды тұстарына тоқталды. Кейінгі жарты жыл бойы қоғамда Конституцияға қатысты кең ауқымды пікірталас жүріп жатқанын атап өтті.

Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы мен кәсіби деңгейі жағынан еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы комиссия құрамында шетел мамандары жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.