Пәкістанда мешіттегі жарылыстан 31 адам қайтыс болды

Не болды?

Пәкістанның астанасы Исламабадта 6 ақпан күні жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болды. Кемі 31 адам қайтыс болып, 170 адам жарақат алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қайғылы оқиға туралы Reuters жазды. Жарылыс Хадиджа-тул-Кубра мешітінде болған. Қылмыскер жарылғыш құрылғыны мешіттің кіреберісінде полиция оны тоқтатқаннан кейін іске қосқан.
Зардап шеккендер қаланың бірнеше ауруханасына жеткізілген. Ел министрлері зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасына көмек берілетінін айтты. Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар бұл шабуылды «жауыздықпен жасалған қылмыс» деп атаған. 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да