Астанада 0–9 класс оқушылары қашықтан оқуға көшті

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0–9 класс оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0–9 класс оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі, – делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Синоптиктердің мәліметінше, елордада қалың қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Мамандар қала тұрғындарын сақ болуға, қажетсіз сыртқа шықпауға және жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.