Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Яндекс Такси» арқылы табысын жасырғандар тексеріледі

Фото: Кapital.kz
Алматы прокуратурасы Yandex Qazaqstan компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, келісімнің негізгі мақсаты – алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарды анықтау.

Бүгінде ресми түрде жұмыссыз болып көрінгенімен, іс жүзінде цифрлық платформаларда, соның ішінде «Яндекс Такси» арқылы табыс тауып, алимент төлемейтіндер бар. Өткен жылы табысын жасырған 110 адам анықталған. Олардың 57-сіне әкімшілік шара қолданылып, 10 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, — делінген хабарламада.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, меморандум жүйелі әрі заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сонымен қатар кірістерді жасыру және алименттік берешектің қалыптасу фактілерін анықтау мен алдын алуды көздейді.

Мақалаға реакция