2029 жылғы Қысқы Азиада тағы да Қазақстанда өтетін болды

Не болды?

2 ақпанда Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Қазақстанның Алматы қаласында өтетінін хабарлаған. Әуелде бұл Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған еді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

5 ақпанда Азия мен Қазақстанның олимпиада конгресі Милан қаласында Алматымен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

Сауд Арабиясына 2022 жылғы олимпиада мен паралимпиада ойындарын өткізу құқығы берілген. Дегенмен өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиада және паралимпиада комитеті мен Азия олимпиада комитетінің бірлескен мәлімдемесінде іс-шараның белгісіз мерзімге кейінге қалдырылғаны жарияланған.

Алайда Қазақстан мен Алматының билік органдары бұл ақпаратқа әлі пікір айтқан жоқ.

Контекст

2011 жылғы жетінші қысқы Азия ойындары Астана мен Алматыда қаңтар-ақпан айларында өткен еді. Ойынға 26 елдің спортшылары қатысқан.

Қазақстан Азиада-2011 қорытындысы бойынша 70 медаль жеңіп алып, бірінші орынмен аяқтаған еді. Оның ішінде 32-сі алтын, 21-і күміс, 17-сі қола медаль болды.

Естеріңізге салайық, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарын 4-орынмен аяқтаған еді.