Жаңаөзенде 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан қаза болды. Оқиға Қызылсай ауылында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 43 жастағы ер адам суық қарумен әйелімен жанжалдасып, оған бірнеше жерден жарақат салған. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Әйелдің артында жеті баласы қалды.
Қазіргі уақытта күдікті жұбайы уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — делінген хабарламада.
Полиция тергеу амалдарын жалғастырып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
