Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2026 жылғы 30 қаңтарда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция