«Қайрат» чемпиондар лигасында қанша табыс тапты?

2025/2026 жылғы маусымда UEFA чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық «Қайрат» футбол клубының қаржылық табысы жарияланды.

Алматылық команда негізгі кезеңде сегіз матч өткізіп, бір ұпай еншіледі. «Қайрат» Португалияның «Спортиңіне» (1:4), Испанияның «Реал Мадридіне» (0:5), Италияның «Интеріне» (1:2), Грекияның «Олимпиакосына» (0:1), Данияның «Копенгагеніне» (2:3), Бельгияның «Брюггесіне» (1:4) және Англияның «Арсеналына» (2:3) жол беріп, Кипрдің «Пафосымен» (0:0) тең ойнады.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» 18,62 миллион еуро (шамамен 11,23 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алды. Сонымен қатар негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін клубқа тағы 19,32 миллион еуро (шамамен 11,65 миллиард теңге) төленді.

Еурокубок маусымы толық аяқталғаннан кейін бұл сомаға телетрансляция және маркетиңдік құқықтарды сатудан түскен қосымша төлемдер қосылады.

Еске салайық, футболдан чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 8-турында алматының «Қайрат» футбол клубы Лондонның «Арсеналымен» ойнады. «Қайрат» қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы болған еді. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да