Министрлік Нипах вирусына қатысты мәлімдеме жасады

Не болды?

Қазақстанда Нипах вирусын жұқтырғандар мен оның елімізге әкелгендер туралы дерек тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Үндістанда Нипах вирусы көптеп таралып жатыр. Сол себепті Қазақстанның шекара арқылы өтетін барлық өткізу бекетінде санитария-карантиндік бақылау күшейген. Министрлік мәліметіне қарағанда, әсіресе Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен (бұл елдерден де вирус шыққан — ред.) келетін азаматтарға ерекше назар аударылып жатыр.

Министрлік эндемиялық елдерге сапарлауды жоспарлаған азаматтарға жеке профилактика шарасын сақтауды ұсынып отыр. Ал елге оралғаннан кейін ауру белгілерін байқаса, дереу дәрігер шақыруы қажет.

Анықтама

Нипах вирусы — зооноздық инфекция. Адамға жануардан (соның ішінде жарқанат пен шошқадан), вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыс болғанда жұғады. Лас тағам мен сусын арқылы да берілуі мүмкін.

Ауру жұқтырған кезде дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, денені әлсіздік басады. Ауру асқынса, орталық жүйке жүйесі зақымдалып, науқас қатты пневмонияға шалдығуы мүмкін. Нипах вирусына қарсы арнайы ем, мақұлданған вакцина жоқ.

Естеріңізге салайық, қаңтар айының ортасында Үндістанның Батыс Бенгалия штатында медицина қызметкерлері Нипах вирусын жұқтырып алған еді. Олар аурухана жатқызылған. Жағдайы ауыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да