Жүргізушілерге ескерту: Атырау мен Маңғыстауда жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау және Маңғыстау облыстарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлап отыр.

2026 жылғы 26 қаңтар күні сағат 16:00-ден бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Атап айтқанда, Атырау облысында «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 179–210 шақырым аралығы, яғни Майкөмген ауылынан Маңғыстау облысының шекарасына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектелді.

Маңғыстау облысында осы автожолдың 210–332 шақырым аралығы — Атырау облысының шекарасынан Бейнеу ауылына дейінгі аумақта жол жабылды.