Ұлттық ұлан қызметкерлері пойызбен тегін жүре алады

Не болды?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел ішінде жолаушылар пойызымен тегін қатынай алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы хабарлап отыр.

Мәлімет

Жеңілдік тек ішкі бағыттарға берілген. Шығын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтеледі.

Ұлттық ұлан мәліметіне қарағанда, бұл әскери қызметкерлердің отбасына бірге демалып, еңбек демалысына шығуға немесе туыстарын көруге мүмкіндік береді.

Контекст

Естеріңізге салайық, мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер бұдан былай несие ала алмайды. Бұл туралы құжат «Ашық НҚА» сайтында 3 ақпанға дейін қоғам талқысына шығарылған еді.