Не болды?
Алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасының соңғы ойынында «Брюггемен» ойнады. Есеп 1:4 болып, бельгиялық команда жеңіске жетті. Бұл туралы Qazsport хабарлап отыр.
Мәлімет
32-минутта «Интер» академиясының түлегі Станкович «Қайраттың» қорғанысын бұзып алғашқы голды соқты. 38-минутта Ванакен алматылық клубтың қақпасына гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймның 74 және 84-минутында бельгиялықтар кезекті екі голын соқты. Ойын аяқталар сәтте «Қайрат» командасының ойыншысы Әділет Садыбеков қарсыластың қақпасына бір гол соғып, матчты аяқтады.
Алда «Қайрат» Еурокубоктың жалпы кезеңіндегі соңғы ойынын 29-қаңтар күні англиялық «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, ФИФА-ға футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты билетін алуға 500 миллионнан астам өтінім түскен еді.
