Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақмола облысындағы шахтадан ер адамның мәйіті табылды

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Ақмола облысындағы «Новая» шахтасының 610-шы горизонтынан ер адамның мәйіті табылып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында марқұмның жеке басы анықталған. Ол 1991 жылы туған Степногорск қаласының тұрғыны болып шықты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам шахта аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның анық-қанығын анықтау бойынша қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған іс бойынша қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі, яғни қорғалатын объектіге заңсыз кіру салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы органдар оқиғаның барлық себеп-салдарын жан-жақты тексеріп, құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Мақалаға реакция