Жәбірленушіні байлап, мүлкін тонаған: Алматыда қарақшылар қолға түсті

Алматыда полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген қарақшылық шабуылды ашты.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Белгісіз тұлғалар күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік пен ақшалай қаражатты алып кеткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді.

Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.