40 градус аяз: «ҚазАвтоЖол» бірқатар трассаны жапты

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстан аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдың қазіргі ахуалы туралы мәлімет жариялады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауына және ауа температурасының 30–40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолаушылар автобустары мен дизель қозғалтқышы бар көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысы

Келесі бағыттарда автобустар мен дизель отынымен жүретін көліктерге қозғалыс шектелді:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы», 1013–1062 және 1104–1212-шақырым;

  • «Өскемен – Семей», 10–103-шақырым;

  • KZ16-02 «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы», 15–105-шақырым;

  • KZ16-03 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы – Қалжыр – Марқакөл», 0–124-шақырым;

  • KAZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары», 7–450-шақырым;

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 1103–1321-шақырым.

Абай облысы

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – РФ шекарасы», 971–1013-шақырым;

  • «Өскемен – Семей», 103–198-шақырым;

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 1087–1103-шақырым.

Барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген өңірлер

Жетісу облысы

  • «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы», 84–164-шақырым (Көктұма стансасы – Достық стансасы).

Атырау облысы

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы», 621–841-шақырым (Атырау қаласы – Құрманғазы кенті).

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығының бір бөлігі жабылды.
    Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді алыс сапарға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да