Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы Polisia.kz баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруы табылды.
Алматының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды, — делінген хабарламада.
Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды.
Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматының Сейфуллин көшесіндегі «Оружейник» дүкенінен алынған. Қазіргі уақытта Қазақстан қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.
