Рыбакина маусымдағы алғашқы жарысында жеңіліп қалды

Не болды?

Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымның алғашқы жарысында жеңіліп қалды. Бұл туралы Qazsport хабарлап отыр.

Мәлімет

Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирге қатысты. Ол ширек финалда чехиялық Каролина Муховаға қарсы кортқа шықты. Өкінішке қарай, жеңіліске ұшырады.

Алғашқы партияда қазақстандық теннисші 2:6 есебімен ұтылды. Екінші сетте есесін қайтарып, 6:2 нәтижесін тіркеді. Шешуші сетте Мухова басым түсіп, ойынды 6:4 есебімен аяқтады.

Айта кетейік, Каролина Мухова қазіргі таңда әлемдік рейтингте 20-орында тұрса, Елена Рыбакина әлемдік рейтиңтің үздік бестігіне енген теннисші.

Қорытынды

Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына дейін жеткені үшін 37 640 АҚШ доллары көлемінде сыйақы (шамамен 19 миллион теңге) мен рейтингке қосылатын 108 ұпай алды.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шыққан еді.