Кентаудағы дәмхана жарылысы: тағы бір адам қайтыс болды

Түркістан облысының Кентау қаласында Жаңа жыл түні болған жарылыстан зардап шеккен екінші адам қаза болды. Бұл туралы Otyrar басылымы хабарлап отыр.

Дәрігерлер ауыр күйік алған жігіттің өмірін сақтап қала алмады.

Жергілікті әкімдіктің мәлімдеуінше, қайтыс болған ер азаматтың денесін 90%-ға жуық күйік шалған. Ол оқиға болған сәттен бастап реанимация бөлімінде өте ауыр халде жатқан болатын.

Еске салайық, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Түркістан облысы Кентау қаласында газ жарылып, 18 жастағы студент қыз қаза болған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да