Не болды?
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Турнирдің 1/8 финалында отандасымыз әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаны 2:0 есебімен жеңді.
Ширек финалда Елена Рыбакина Чехия өкілі Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Ақпарат
Елена Рыбакина 2024 жылы бұл турнирдің басты жүлдесін жеңіп алған еді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын топ 15 спортшы әйелдің тізіміне енген еді.
