Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды

Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті адамды іздестіріп жатыр.

Қылмысқа күдікті Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сонымен қатар басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қылмысқа қаза болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласының қатысы болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданған. Оның айтуынша, ағасы мен отбасы мүшелері бір айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен. 5 желтоқсанда полиция аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс тіркеп, «адам өлтіру» бабы бойынша тергеу бастады.  

Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылғанын ресми түрде растады.