Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Актер Мұрат Бисембин қайтыс болды

Фото: instagram.com/murat_bissenbin
«Рэкетир» культтік фильміндегі рөлі арқылы көпшілікке танылған қазақстандық актер Мұрат Бисембин өмірден өтті. Ол 54 жаста еді.

Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы оның қызы Instagram желісінде қаралы хабар жариялады.

Бұған дейін Мұрат Бисембиннің бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескені хабарланған болатын. Сонымен қатар ол жуырда инсульт алған. Актердың денсаулығының күрт нашарлағанын бұған дейін оның жақындары мен әріптестері де айтқан еді. Атап айтқанда, актер Жан Байжанбаев Бисембиннің жағдайына алаңдап, ақша жинаған еді.

Қазақстандық кино қауымдастығы мен көрермендер марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.