Ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды

Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Ақмола облысында келесі автожол учаскелері жабылды:

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304–341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0–61 шақырымы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2–50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысында мына жол бөліктерінде қозғалыс шектелді:

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341–367 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Келлеровка ауылы);

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61–91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Саумалкөл ауылына дейін);

  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50–85 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Аталған жолдарды бүгін сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда да қозғалыс шектелді. Атап айтқанда:

  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8–108 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Әулиекөл ауылы).

Бұл жолдарда қозғалысты бүгін сағат 15:00-де қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.