Парламент мәжілісі Қазақстанның Құрылыс кодексін қабылдады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты.
Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов кодекс жобасы екі жылға жуық парламентте қаралғанын атап өтті.
Биылғы жылдың ең маңызды заң жобасы деп айтуға болады. Себебі, бүкіл қоғамға қатысы бар. Құжат жан-жақты талқыланды, әртүрлі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қауымдастықтармен, бизнес өкілдерімен ақылдастық. 2 200-ден астам ұсыныс берілді. Негізінен 60-70%-ы өзгертілді. Ең басты мақсат – заң азаматтардың құқығын қорғауы керек, — деді Мұрат Әбенов мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, сенат негізгі заң бойынша 27, ілеспе заң бойынша екі ұсыныс берген. Мәжіліс Құрылыс кодексіне сенат енгізген түзетулермен келісіп, оны қабылдады.
