Путин мен Трамп Украина мәселесін телефон арқылы талқылады

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесудің алдында Ресей басшысымен бірқатар маңызды мәселелерді талқылауды жөн көрген. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, екі ел көшбасшылары арасындағы әңгіме 1 сағат 15 минутқа созылған.

Келіссөз барысында тараптар референдум өткізу сылтауымен уақытша бітім жариялау қақтығыстың тек созылуына әкелетінін атап өткен. Дональд Трамп Ресейдің жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге ұмтылып отырғанына көз жеткізгенін мәлімдеді.

Владимир Путин АҚШ президентінің қауіпсіздік пен экономика мәселелері бойынша құрылған екі жұмыс тобы аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы ұсынысымен келіскен. Сонымен қатар Ресей басшысы әскери іс-қимылдарды түпкілікті тоқтату үшін Донбасс мәселесіне қатысты саяси шешім қажет екенін атап өткен.

Тараптар Дональд Трамптың Владимир Зеленскиймен өтетін кездесуінен кейін қайта байланысқа шығуға уағдаласты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да