Мюнхеннен Бейжіңге қарай бет алған шетелдік Lufthansa компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Бұл туралы ПД хабарлап отыр.
Себебі, борт ішінде бір әйел адам көз жұмған.
Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, борт ішінде бір әйелдің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Алматы әуежайына қонған. Әуежайдың дәрігерлері мен оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем әйел адам ұшақ қонбай тұрып көз жұмғанын мәлімдеген.
Алдын ала болжам бойынша, әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Марқұм шетел азаматы, — делінген хабарламада.
