Алматы облысына Даниядан мыңға жуық сиыр жеткізілді

Алматы облысына Даниядан 956 бас Голштин-Фриз сиырлары жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бірінші рет шетелден аймаққа әуе көлігі арқылы 956 бас жоғары өнімді «Голштин-Фриз» және «Джерси» ірі қара мал жеткізілді.

Сиырлар Алматы халықаралық әуежайы арқылы жеткізіліп, Талғар ауданындағы өндірістік кооперативтің базасына орналастырылды.Сүтті мал шаруашылығымен айналысатын бұл кооперативте қазір 2 593 бас асыл тұқымды ірі қара мал бар.

Осы жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясынан 443 бас ірі қара мал жеткізілді, оның ішінде 152 бас «Голштин-Фриз» асыл тұқымды сиыр және 291 бас «Джерси» сиыры бар. Сонымен қатар Дания Корольдігінен қосымша 513 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді, оның ішінде 161 бас «Джерси» және 352 бас «Голштин-Фриз» тұқымдары бар, — делінген хабарламада.

Жобаны толық жүзеге асыру Талғар ауданында сүт өндірісін екі есе арттыруға, ал Алматы облысы бойынша сүт өнімдерінің өндірісі мен жеткізілімін 20%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Болашақта кооператив шетелден сатып алынатын асыл тұқымды ірі қараның жалпы санын 2 000 басқа жеткізуді жоспарлап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да