Павлодарда Telegram арқылы вейп сатқан 4 адам ұсталды

Қаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті вейп өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан төрт адамды қолға түсірді.

Бұл туралы ҚМА хабарлап отыр.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы вейптерді оқушылар мен жастарға сатқан. Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам вейп және оған қатысты өнімдер тәркіленді.

Қылмыстық табысты жасыру және қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында олар банк карталары тіркелген дропперлердің көмегіне жүгінген. Соттың санкциясымен қылмыстық кіріске сатып алынған үш автокөлікке — Toyota Land Cruiser, Toyota Highlander және Chevrolet Camaro — тыйым салынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, өзге мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да