Tiger Films цензура көргеннен соң киноөндірісті тоқтататын болды

Не болды?

Tiger Films компаниясы цензура көргеннен кейін ақыры киноөндірісті тоқтататын болды. Бұл туралы продюсер Алмат Шадмат мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Алмат Шадматтың айтуына қарағанда, шешім көп талқыдан соң қабылданған. Қазақстандағы киноиндустрия тұрақсыз, қаржылық және имиждік қауіп тым көп. Бұл шешімге әсер еткен негізгі факторлардың бірі — «Руың кім?» фильміне қатысты жанжал мен картинаның «Оскар» сыйлығына ұсынылмауы.

Қазіргі жағдайда бізге кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік берілетініне сенім жоқ. Кәсіби еңбектің өзі күмәнға алынған кезде, бұл бағытта жұмыс істей бергеннің мәні жоқ, – деді продюсер.

Tiger films әрі қарай не істемек?

Компания қызмет бағытын толық өзгертіп, енді кәсіби кинотехниканы жалға беру саласына өтеді. Барлық түсірілім жобасы аяқталған. Пост-продакшн кезеңіндегі жобалар соңына дейін жетеді де, содан кейін киноөндіріс бағыты біржола жабылады.

Фильм туралы

«Руың кім?» — фильмі отбасылық комедия. Ол руға бөліну тақырыбын сатиралық түрде көтерген. Сюжет рулары бірдей болып шыққан жас жұптың оқиғасына негізделген.

Компания туралы

Tiger Films компаниясы 2021 жылы Kinopark–Kinoplexx кинотеатрлар желісі базасында құрылған. Компания төрт жыл ішінде 56 астам фильм түсірген.

Естеріңізге салайық, «Аватар: От пен күл» прокаттың алғашқы аптасында кассалық рекорд орнатты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да