«Оскар» сыйлығының биылғы жеңімпаздары белгілі болды

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды.

Бұл туралы Америка даусы хабарлады.

Алғашқы марапатталғандар:

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер — Ке Хюи Куан («Бәрі барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса — Джейми ли Кертис («Бәрі барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы».

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Үздік деректі фильм — «Навальный».

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы — «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы».

Үздік түпнұсқа сценарий — «Бәрі барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс — «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән  үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж — «Бәрі барлық жерде және бірден».

Үздік режиссер — «Бәрі барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Үздік актер — Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса — Мишель Йео («Бәрі барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм — «Бәрі барлық жерде және бірден».