Қарағандыда газ баллоны жарылып, 2 адам қаза болды

Қарағанды облысының Мойынты станциясындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, одан кейін ірі өрт шықты.

Өрт толығымен сөндірілді, бірақ оқиға салдарынан екі адам қаза болып, 11 адам ауруханаға жеткізілді.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзу, соның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қолдану себеп болған.

Оқиға 12 желтоқсан күні кешке Шет ауданындағы Мойынты станциясында болды. Бір қабатты ғимаратта алдын ала болжанғандай, газ-ауа қоспасы жарылған. Өрт аумағы 300 шаршы метрге жуық болды. Құтқарушылар өртті оқшаулап, толығымен жойды.

Кейінгі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. 11 адам зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілді, оларға қазіргі уақытта медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

ТЖМ өкілдері зақымдалған құрылымдарды тексеруді жалғастырып, қайта өрт шығуын болдырмау үшін шаралар қабылдап жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да