Тоқаев Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады

Андрей Лаврентьев президентке биыл Qarmet атқарған жұмысының алдын ала нәтижесі мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттарын таныстырды.

Лаврентьевтің айтуынша, компанияда екі жылда болат өндірісі 22%, көмір концентраты 26%, темір кені 32% артты.

Өнімнің өз құны 28 % арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайған.

Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.

Компания басшысы Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқанын да айтты. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да