Не болды?
9 желтоқсанда «Астана Арена» стадионында Алматының «Қайрат» футбол клубы мен Грекияның «Олимпиакос» командасы ойнады. Алматы клубы 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Мәлімет
Португалияның шабуылшысы Желсон Мартинш ойынның 73-минутында гол соқты.
Осылай, «Қайрат» жалпы есепте бесінші рет жеңіліп отыр. Команда қазіргі жиған ұпайы бойынша, 35-орында тұр. Ал 36-орында, яғни тізімнің ең соғында Голландияның «Аякс» командасы бар.
«Қайрат» командасы қаңтар айында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы екі ойынын өткізеді:
▪️ 20 қаңтарда Астанада Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы;
▪️ 29 қаңтарда Лондонда «Арсеналға» қарсы.
Контекст
Естеріңізге салайық, бүгінгі матчта Дастан Сәтбаев ойнамады.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын мына жерден көргуе болады.
