Денсаулық сақтау министрлігі 622 стоматологияны тексеріп жатыр

Кейінгі уақытта әсіресе жекеменшік стоматологиялық емханаларда балаларға жалпы наркозбен бірнеше тісті бір мезетте емдеуге қатысты арыз жиілеп кеткен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарат Әлназарова жазып отыр.

Емхана жекеменшік болса да, мемлекеттік болса да мұндай емге білікті анестезиолог қатысуы керек, тиістжабдықтары болғаны дұрыс, анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек стандарттары сақталуға тиіс.

Бас прокуратура ел бойынша 622 стоматологияға жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр.

Бүгінгі жағдай бойынша 290 емхананы тексеру тіркелді, 135 тексеріліп бітті, 103 емхана тексеріліп жатыр, 52-і тіркеуден алынған (емханалар іс жүзінде жұмыс істемейді), 26-ы – тіркеу сатысында.

Өңірлер прокуратурасы жіберген 316 нысанның ішінде 34 емхана МӘМС/ТМККК шеңберінде қызмет көрсетеді, 282-сі тек ақылы негізде істейді.

Жалпы анестезия «ыңғайлы опция» емес, ерекше сақтықты талап ететін күрделі процедура.

Наркозды ұзақ алу және бірнеше тісті бір мезгілде емдеу баланың жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесі асқыну қаупін арттыруы мүмкін. Өкінішке қарай, жеке емханалар ата-анаға «барлық тісті бір дегенде емдеп береміз» деген коммерциялық тұрғыдан қолайлы нұсқаны ұсынады. Алайда мұндай тәсіл тек нақты медициналық көрсеткіштер болған кезде, тексерілген соң ғана қолданылады, — деп жазды министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да