Не болды?
Қазақстанда киім мен аяқкиім АҚШ, Жапония және Канадаға қарағанда қымбат. Бұл туралы Numbeo сарапшыларының ақпаратына сүйеніп, «31-арна» хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстанда киім мен аяқ киімнің бағасы премиум емес, ең қарапайым брендтердің өзінде қымбат.
Халықаралық статистикаға қарағанда, қалта көтереді деген жинстың өзі Қазақстанда орташа есеппен 30 мың теңгеден көп тұрады. Бұл АҚШ, Жапония және Қытайдағы бағадан қымбат. Қазақстанда көйлек, кроссовки, ерлер аяқкиімі де АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореямен салыстырғанда қымбат.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, импорттық киім мен аяқкиімнің құнына логистика, кедендік төлем және сауда үстемақылары әсер етеді. Үлкен көлемдегі импорттың өзі әзірге бағаның төмендеуіне көмектеспей отыр.
Экономист Арман Бейсембаевтің айтуына қарағанда, отандық брендтер нарықтың небәрі 5–6%-ын ғана жауып отыр. Бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті өндірісті дамыту қажет.
Импорт әкелгенде кедендік баж салығын төлеу қажет. Міндетті түрде салық төлейді. Мұның бәрі тауардың өз құнына қосылып кетеді. Одан бөлек, барлық импорттық киім шетел валютасымен нөмірленеді. Ұлттық валюта әлсіз болса, валюта бағамының өзгеруі де тауардың түпкі бағасына қосылады, — дейді экономист.
Естеріңізге салайық, елімізде ет қымбаттап бара жатыр. Соның ішінде сиыр еті не үшін қымбаттап жатқанын жазған едік.
Ал Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қалаға айналды.
