Басты бетЖаңалықтарУкраина президенті...

Украина президенті әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы жарлық шығарды

«Интернет-провайдерлерге, желі қолданушыларына Mail.ru сервисінің ресурстары мен «ВКонтакте» және «Одноклассники» әлеуметтік желілеріне кіру қызметін ұсынуға тыйым салынсын», — делінген жарлық мәтінінде.

Жарлық бойынша украиналық интернет-провайдерлер мен байланыс операторлары «Одноклассники» мен «ВКонтакте» желілерін бұғаттауға міндетті. Провайдерлер mail.ru сайтына да кіруге тыйым салуы керек.

Бұған қоса, «Яндекс» компаниясының барлық интернет-сервисі бұғатталмақ. Нақтырақ айтқанда, енді украиналықтар «Яндекстің» поштасы, «Яндекс.Деньги», «Яндекс.Такси», «Яндекс.Карты», «Яндекс.Директ», «Яндекс.Браузер», «Яндекс.Фото» сервистерінің сайтына кіре алмайды.

Айта кетсек, «ВКонтакте» үшін Украина Ресейден кейінгі екінші үлкен нарық саналатын. Ресми деректерге сүйенсек, «Яндекс», «ВКонтакте» және «Одноклассники» – украиналықтар жиі кіретін сайттардың қатарында.

ДереккөзBaq.kz