ЖРВИ мен тұмау өршіді. Бүгіннен бастап Қостанай оқушылары қашықтан оқиды

Не болды?

Қостанайда оқушылар мен мұғалімдер арасында ЖРВИ мен тұмау өршігендіктен, 25 қарашадан бастап барлық мектеп қашықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы жергілікті Alau.kz басылымы хабарлап отыр.

Мәлімет

Қостанай қаласының білім бөлімі 25 қарашадан бастап апта соңына дейін 37 жалпы білім беретін мектепті уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырды.

ЖРВИ мен тұмау және оқушылар мен мұғалімдер қайта сырқаттана бергендіктен, қала билігі оқу форматын уақытша өзгертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, терапевт дәрігер үлкен-кіші демейтін тұмаумен қалай күресу керек екенін айтып берді.